Categories Жайық news

Бауыржан Момышұлына берілген марапаттар отбасы мүшелеріне табысталды

Алматыда Ұлы Отан соғысының даңқты батыры Бауыржан Момышұлына берілген жоғары мемлекеттік марапаттар – Алтын жұлдыз пен «Отан» ордені – оның келіні Зейнеп Ахметова мен немересі Ержан Момышұлына ресми түрде тапсырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Марапаттарды салтанатты түрде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин табыстады. Бұл шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешімі мен тиісті жарлыққа қол қоюының жалғасы ретінде өтті.

«Халқымыз Бауыржан Момышұлын әрдайым батыр деп біледі, қаһарман деп қастерлейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл жолғы шешімі халықтың оған деген ыстық ықыласын одан әрі арттыра түсті. Ең бастысы, көптен күткен тарихи әділдік қалпына келтірілді», – деді Ерлан Қарин марапаттау рәсімінде.

Салтанатты жиынға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері мен батырдың ұрпақтары қатысты. Жиналғандар Бауыржан Момышұлының ерлігі мен отансүйгіштігін ерекше атап өтті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Кәсіпкерлерге қолма-қол ақша алуға шектеу енгізілді: Лимит асып кетсе, құжат сұралады

Кәсіпкерлер енді қолма-қол ақша лимитпен шешеді. Артық сома алса, банк құжат талап етеді. Жеке тұлғаларға…

Алматы облысында қарақшылар 8 жылқыны атып, етін алып кеткен

Бәйдібек би ауылы маңында қарақшылар жылқыларды оққа ұшыратып, етін қырып алып кеткен. Полиция оқиға орнына…

АШМ-де сиыр еті экспортына енгізілген шектеулер түсіндірілд

Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара мал етін шығаруға қатысты жаңа шектеулерді қолдану тәртібін түсіндірді. 2025…