Бауыржан ақын Меккеге барады!

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Түркістан қалалық филиалының ұйымдастыруымен алғаш рет асыл Пайғамбарымызға (с.ғ.у) арналған «Адамзаттың ардағы, қос дүниенің сардары» атты республикалық жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті.

Бәйгеге қатысқан өлеңдердің авторлары қазыларға жасырын болған жабық мүшәйраға жүзден аса ақын қатысты.

«Осы жыр додасына қатысқан жерлесіміз Бауыржан Ширмединұлы жүлделі ІІ орынға ие болып, Умра қажылығына жолдама ұтып алды. Жерлесімізді жеңісімен құттықтай отырып, жүрекке жететін жырлары көбейе берсін дейміз» — деп елден сүйінші сұрады өзінің ФБ парақшасында Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов.

Құтты болсын Бауыржан ақын!һ

Ұқсас жазбалар

Сегодня в Казахстане отмечают День армейской авиации

Фото:gov.kz Сегодня, 29 декабря 2025 года, в Казахстане празднуется День армейской авиации. Профессиональный праздник ведёт…

Бүгін Қазақстанда Әскери авиация күні аталып өтуде

Сурет:gov.kz Бүгін, 29 желтоқсан 2025 жыл, Қазақстанда Әскери авиация күні мерекеленіп жатыр. Кәсіби мереке 1992…

БҚО-да спорт саласының үздіктері анықталды

Сурет:БҚО Әкімдігі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жалын – 2025» атауымен үздік…