Categories Жайық news

Батысқазақстандық спортшы садақ атудан әлем чемпионы атанды

2025 жылғы 17-21 тамыз аралығында Ақтау қаласында өтіп жатқан дәстүрлі садақ атудан әлем чемпионатында батысқазақстандық спортшы жеңіске жетті.

Батыс Қазақстан облысының атынан қатысқан жас мерген Эльнара Серікова 16-17 жас аралығындағы спортшылар арасында «Қалқан» нысанасы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, әлем чемпионы атанды.

Маңғыстау облысының орталығында өтіп жатқан байрақты бәсекеге Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей мен Қазақстан құрамасы қатысып жатыр. Құралайды көзге атқан 70 астам мерген додада бақ сынауда.

Ұқсас жазбалар

Менің Оралым

Батыс Қазақстанның жүрегінде орналасқан Орал қаласы – тарих пен заманауи өркениет тоғысқан ерекше мекен. Еуропа…

Оралдың жылу жүйесі жаңарды

Қаланың инфрақұрылымдық жүрегі – жылу жүйесі. Әкім Мұрат Байменовтың айтуынша, соңғы жылдары бұл салада ауқымды…

Оралда жаңа мектептер салынып, білім инфрақұрылымы жаңарып келеді

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов халық санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салудың маңыздылығын атап өтті.…