Батысқазақстандық шаруалар киіктен келген зардап шектен шықты деп дабыл қағуда

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақаала және Казталов аудандарының шаруалары киіктердің көші-қонынан айтарлықтай зардап шегіп отыр. Айтуларынша, киік жайылымды таптап, айтақыр қылуда. Сонымен қатар, қысқы мал азығын дайындауға да үлкен кедергі. Бұл жайында  бір топ шаруа қожалығы иелері zhaiyqmedia.kz порталына айтып берді.

«Жалпы, Батыс Қазақстан облысының шаруалары киікке қатысты барлық деңгейде бірнеше рет шағымданды. Облыс әкімдігі де, Үкімет те мәселеден құлағдар. Жануарлар егіс алқаптары мен жайылымдарға кіріп, мал бордақылауға арналған егінді таптап, жеп жатыр. Осының кесірінен шаруалар миллиондаған теңге шығынға батып отыр. Ең көп зардап шеккен Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала және Қазталов аудандарының шаруашылықтары», — дейді олар.

Жайылым мен шабындықты қоршауға арналған электр қоршаулары көмектеспейді. Ақбөкендер оны оп оңай үзіп кетеді. Жағдай осылай жалғаса берсе жекелеген шаруалар ата кәсіптен бас тартуға дайын. Оның ақыры азық-түлік қауіпсіздігіне орны толмас зардабын тигізуі мүмкін.

30 сәуірде мемлекеттік органдар өкілдері, шаруалар мен мамандардың қатысуымен өткен жиында киік санының өсу жағдайы талқыланды. Батыс Қазақстан облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов облыстағы ақбөкендердің шекті саны 550 мыңнан аспаса жағдай ушықпайтынын мәлімдеді. Бірақ,  бүгін таңда киік саны шамадан тыс, 2-2,5 миллион басқа жеткен.

Инспекция басшысы киіктің 5-6 жыл өмір сүретінін, бірақ олардың санын реттеу үшін табиғи өлім-жітім жеткіліксіз екенін атап өтті. Биылдың өзінде 600-ге жуық өлген төшке жиналды. Киік басын реттемесе оның соңы жұқпалы ауруларға және жаппай қырылып қалуға әкелуі мүмкін.

Су тапшылығына байланысты жануарлардың қоныс аудару жолдары мен мекендеу ортасы өзгерді, бұл жайылымдық және егін алқаптарының тозуын тездетеді. Жиынға қатысушылардың айтуынша, егер шара қолданылмаса, шаруалардың 60 пайызға дейіні ата кәсіптен бас тартуы мүмкін.

 

Ұқсас жазбалар

БҚО-да спорт саласының үздіктері анықталды

Сурет:БҚО Әкімдігі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жалын – 2025» атауымен үздік…

Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

Сурет: gov.kz 2025 жылы Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша…

100% жұмысқа орналастыру: Ozge Epic Oral сұранысқа ие аниматорларды қалай даярлайды

Сурет:Орал қ әкімдігі Биыл наурыз айында Орал қаласында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы атынан қайырымдылық жобаларды жүзеге…