Categories Жайық news

Батыс Қазақстанда «Үздік волонтер» сыйлығы табысталды

Батыс Қазақстанда «Үздік волонтер» сыйлығы табысталып,өңір жастарының азаматтық белсенділігі атап өтілді,-деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Батыс Қазақстан облысында жыл сайын өтетін «Үздік волонтер» сыйлығы биыл да кең ауқымда ұйымдастырылып, еріктілер қозғалысының дамуына жаңа серпін берді. Шара облыстық Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өткізіліп, оның басты мақсаты – өңірдегі еріктілерді ынталандыру, үздік тәжірибелерді насихаттау және азаматтық қоғамның белсенділігін күшейту.

Облыстың барлық аудандарынан жиналған 50-ден астам ерікті мен волонтерлік ұйым өз жобаларын таныстырып, қоғамға сіңіріп жүрген еңбектерін көрсетті. Қатысушылардың бастамалары ТЖ кезінде көрсеткен көмектен бастап экологиялық акцияларға, әлеуметтік қолдаудан бастап жастарды дамытуға дейін жан-жақты сараланды.

Биылғы байқауда төмендегі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Үздік волонтерлік ұйым» — Қаратөбе ауданының «Гимназия қамқоры» ұйымы.

Аталған топ білім, әлеуметтік қолдау және қайырымдылық бағытында тұрақты жұмыстарымен танылған.

Төтенше жағдайлар саласындағы «Үздік волонтер» — Бауыржанова Самал Алтынбекқызы.

Ол төтенше жағдай кезінде көмек көрсету, алдын алу шараларын ұйымдастыру және қауіпсіздік мәдениетін нығайту бағытында белсенділігімен ерекшеленді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы «Үздік ұйым» — БҚ жоғары медициналық колледжінің «МедикВолонтер» тобы.

Медициналық еріктілер алғашқы көмек көрсетуден бастап түрлі әлеуметтік акцияларға дейін көптеген бастамаларды іске асырып келеді.

ЖОО арасындағы «Үздік волонтерлік ұйым» — Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Жәңгір хан ұрпақтары» ұйымы.

Бұл топ жастарды қоғамдық жұмыстарға тартып, әлеуметтік, мәдени және экологиялық бағытта белсенді жоба жүргізіп келеді.

«Үздік волонтерлік бастама» — Сырым ауданындағы экобастамашылар тобы.

Табиғатты қорғау, ағаш отырғызу, экосана қалыптастыру бағытындағы жұмыстары ерекше бағаланды.

«Үздік эковолонтер» — Әсем Бекежанқызы.

Ол өңірдегі экологиялық қозғалыстарға айрықша үлес қосып, тұрақты жобалар мен тәрбиелік шаралар ұйымдастырып жүргені үшін марапатталды.

Шараның қорытынды кеші жылы атмосферада өтіп, еріктілердің еңбегі лайықты бағаланды. Жоба өңірдегі волонтерлік мәдениетті нығайтып қана қоймай, жаңа бастамалардың пайда болуына да ынталандырып отыр.

Ұқсас жазбалар

Орал қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сурет: Орал қ. Әкімдігі Бүгін Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық…

В Уральске в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» проведены разъяснительные работы

Фото:Акимат г. Уральск Сегодня в областном центре Западно-Казахстанской области — городе Уральск — в рамках…

100% трудоустройство: как Ozge Epic Oral готовит востребованных аниматоров

Фото:Акимат г. У В марте текущего года в Уральске при поддержке корпоративного фонда Samruk-Kazyna Trust,…