Батыс Қазақстан облысында азаматтарды сайлау учаскелеріне тіркеу тәртібі түсіндірілді

Батыс Қазақстан облысында облысында 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық аясында халық арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аймақтағы тұрғындарға дауыс беру тәртібі, сайлау учаскелеріне тіркелу және есептен шығару куәлігі туралы толық мәлімет берілуде.

Атап айтқанда, маңызды саяси күн қарсаңында азаматтарға тіркелген жерінде болмаған жағдайда да дауыс беру құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тетік түсіндірілді.

Аумақтық референдум комиссиясының хабарлауынша, 27 ақпаннан бастап тұрғындар дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін ала алады. Құжатты беру 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін жүзеге асырылады. Осы уақыттан кейін куәлік беру тоқтатылады.

Дауыс беру куәлігі азаматқа тұрақты тіркелген жерінен тыс, референдум күні – 15 наурызда өзі болатын елді мекенде дауыс беруге мүмкіндік береді. Құжатты алу үшін тұрғылықты жері бойынша учаскелік референдум комиссиясына жеке куәлікпен жүгіну қажет.

Орал қалалық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Нариман Мұстиевтің айтуынша, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін  алуға қатысты аумақтық шектеулер бар. Азамат бір елді мекеннің шегінде дауыс беру куәлігін ала алмайды. Мысалы, егер сайлаушы Круглоозерное кентінде тұрса, Оралда дауыс беру үшін куәлік рәсімдей алмайды.

Алайда, басқа қалаға немесе ауданға баруды жоспарлаған азамат учаскелік комиссияға жүгініп, болатын жері бойынша дауыс беру үшін куәлік алуға құқылы. Сондай-ақ бір ауданның шегінде, бірақ өз учаскесінен тыс жерде дауыс беруді көздеген жағдайда да куәлік рәсімдеуге мүмкіндік қарастырылған.

Бұл мүмкіндік туралы азаматтарға Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы хабарлады. Комиссия өкілдері аталған тетік референдумға қатысу қолжетімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«109» бірыңғай байланыс қызметі тәулік бойы жұмыс істейді, ол бүкіл облыстан өтініш қабылдайды. Сондай-ақ қалалық және аудандық әкімдіктерде call-орталықтар да жұмыс істейді.

Сайлау учаскесін қалай білуге болады?

 

 

Ұқсас жазбалар

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев пен облыс әкімі Нариман Төреғалиев Оралдағы жылу электр орталығында болды.…

БҚО-да қаланы көгалдандыруға арналған ғылыми ұсынымдар таныстырылып, оқыту семинары өтті

Орал қаласында қалалық аумақтарды көгалдандырудың заманауи тәсілдеріне арналған білім беру іс-шарасы өтті. Шараға көгалдандыру үдерістеріне…

БҚО әкімі тұрғындармен кездесті: Баспана, инватакси және жаңа жол мәселесі талқыланды

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев тұрғындармен кездесті. Қабылдауда баспана, инватакси, жол құрылысы және экология мәселелері көтерілді.