Қазақстан World Happiness Report жаһандық рейтингінде 10 сатыға көтеріліп, 33-орынға жайғасты, бұл көрсеткіш бойынша еліміз ТМД мемлекеттері арасында көш бастап тұр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Жыл сайын жарияланатын есепте Қазақстанның көрсеткіші айтарлықтай жақсарған. Еліміз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің ішінде ең жоғары орынды иеленді.
Салыстырмалы түрде, рейтингтегі көршілес елдердің орны төменірек. Мысалы, Өзбекстан 53-орынға, Қырғызстан 66-орынға, ал Ресей 79-орынға жайғасқан.
Ал әлемдегі ең бақытты ел атағын жетінші жыл қатарынан Финляндия сақтап қалды. Еуропаның солтүстігіндегі бұл мемлекеттің тұрғындары өмір сүру сапасына ең жоғары баға берген.
Фото: Әлеуметтік желіден

