Шығыс Қазақстан облысында Шілікті ауылдық округінің әкімі тұрғындармен өткен жиында ашуға беріліп, әдепсіз сөз айтқаны үшін көпшіліктен кешірім өтінді.
«Эмоцияға ерік беріп, орынсыз сөз қолданғаным рас. Сол үшін ауыл халқы мен әріптестерімнен кешірім сұраймын», – деді әкім өз мәлімдемесінде.
Оқиғаға байланысты бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда қызу талқы тудырған болатын.
Қазіргі таңда әкімнің әрекетіне қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.