Categories Жайық news

Трамп Тоқаевты жаңа «Бейбітшілік кеңесіне» шақырды: Ақорда келісім берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Газадағы жағдайды реттеу үшін құрылатын Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми түрде шақырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдибай растады. Оның айтуынша, бұл бастаманы кейбір сарапшылар Біріккен Ұлттар Ұйымына балама ретінде қарастыруда.

«Иә, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік көшбасшылардың бірі болып Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуға ресми шақырту алды. Мемлекет басшысы жауап ретінде АҚШ президентінің атына шынайы алғысын білдіріп, осы жаңа бірлестіктің құрамына кіруге келісетінін растайтын хат жолдады», – деді Руслан Желдибай.

Баспасөз хатшысы Президенттің Қазақстанның Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілік орнатуға, мемлекетаралық сенімді нығайтуға және жаһандық тұрақтылыққа өз үлесін қосуға ұмтылатынын растағанын атап өтті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Құлсарыда сенбілікте мұнайшы қаза тапты: қызметтік тексеру басталды

Құлсарыда сенбілік кезінде мұнайшы қаза тапты. Қызметтік тексеру басталды.

Модульдік оқу: Батыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының белсенділері өз құзыреттерін дамытуда  

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен функционалдық құзыреттерді дамытуға арналған…

Жайық бойында 11 мың киік қырылды: себебі не?

Қазақстанда 26 мың киік қырылды, оның 11 мыңы Батыс Қазақстан облысында. Себебі – ауа райының…