Жаңа Қорғаныс министрі Тоқаевқа есеп берді: Президент әскерге қатысты бірнеше тапсырма жүктеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдап, Қарулы Күштердің қазіргі жай-күйі туралы есебін тыңдады. Кездесу соңында Мемлекет басшысы қорғаныс ведомствосына бірқатар нақты міндет жүктеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ақорданың ресми хабарлауынша, Дәурен Қосанов Жоғарғы Бас қолбасшыға армияның жауынгерлік әзірлігі мен Қарулы Күштерді дамытудың басым бағыттары туралы баяндады.

Сонымен қатар ол әскерге цифрлық технологияларды енгізу, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және қорғаныс инфрақұрылымын жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Министр Президенттің Қарулы Күштердегі тәртіпті нығайту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы да есеп берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министрлігіне армияның жауынгерлік әзірлігін одан әрі арттыру және әскери саладағы құқықтық тәртіпті күшейтуді тапсырды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Құрбан шалуды енді онлайн реттеуге болады: арнайы сайт іске қосылды

ҚМДБ құрбан шалуды онлайн өткізуге арналған сайт іске қосты. Енді рәсімді қашықтан тапсырыс беріп, бақылауға…

Бектенов ұлттық жүк әуе компаниясын дамыту жолдарын талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов ұлттық жүк әуе компаниясын дамыту және теңіз бен теміржол тасымалдарын ұлғайту мәселелерін…

Төтенше жағдайда 112 қызметі адамның орнын бірден анықтайды

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде 112 қызметіне хабарласқан адамның нақты орнын анықтау мүмкіндігі пайда болады. Бұл…