Categories Жайық news

Германияда тарихи жеңіс: Қазақ қызы конькимен жүгіруден екі дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық конькиші Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екі бірдей алтын медаль жеңіп, тарихи жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, спортшы алдымен 500 метрге жарысуда топ жарған. Кристина бұл қашықтықты 38.48 секундта еңсеріп, жеке рекордын жаңартты әрі алтыннан алқа тақты.

Отандасымыз мұнымен тоқтап қалмай, 1500 метрлік қашықтықта да қарсылас шақ келтірмеді. Бұл сында ол 1:56.06 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетті. Бұл да оның спорттық мансабындағы жаңа жеке рекорды болып тіркелді.

Осылайша, Кристина Шумекова бір чемпионатта екі рет жеңіс тұғырына көтеріліп, жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…