Мәжіліс депутаты Ертаевқа берілген рақымшылықтың заңдылығын тексеруді талап етті

Мәжіліс депутаты Ертаевқа берілген рақымшылықтың заңдылығын тексеруді талап етті

Депутат Абзал Құспан 144 млрд теңгені жымқырғаны үшін сотталған банкир Жомарт Ертаевқа рақымшылық жасау туралы сот шешіміне күмән келтіріп, Бас прокуратураға ресми сауал жолдады.

Халық қалаулысының айтуынша, «Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы» заңның талаптары бұл жағдайға сай келмеуі мүмкін. «Заңға сәйкес рақымшылық тек залал келтірмегендерге, шығынды толық өтегендерге немесе азаматтық талап қойылмағандарға ғана берілуі тиіс. Ал Ертаевтың келтірген шығынының толық өтелмегені белгілі», – делінген депутаттың сауалында.

Осыған байланысты Құспан Бас прокуратурадан Алматы облысы Алатау қаласы сотының 2 қыркүйектегі қаулысына қатысты тексеріс жүргізуді сұрап, заң бұзушылық анықталған жағдайда наразылық енгізуді талап етті. Сонымен қатар, ол қоғамға бұл мәселе бойынша ашық ақпарат берілуі қажеттігін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

9-11 мамырда Қазақстанда нөсер мен бұршақ күтіледі: егжей-тегжейлі болжам

9-11 мамыр аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Синоптиктер сақтық шараларын…

Тоқаев Мәскеуге сапармен барды: Жеңіс күніне арналған шараларға қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барып, Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады.

Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарымен аттанды: күн тәртібінде не бар?

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық мәселелері талқыланады.