Categories Жайық news

Теміртауда тағы да апат: 39 үй аязда жылусыз қалды

Теміртаудағы проблемалы жылу трассасында тағы да апат болып, 8-шағын аудандағы 39 үй жылудан ажыратылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Апат биыл жөндеу жоспарланған учаскеде болғаны белгілі болды. Қазір апаттық бригадалар зақымданған құбырды ауыстыру үшін үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Қалада күндіз ауа температурасы -15 градусқа дейін төмендесе, түнде сынап бағанасы -26 градусқа дейін жетеді.

Бұл – Қарағанды облысындағы жалғыз оқиға емес. Шахтинск қаласында да жылу беру уақытша шектелді. Жеңістің 40 жылдығы көшесінде құбырды ауыстыру жұмыстарына байланысты бірнеше үй, бөбекжай мен дүкендерге баратын жылудың қысымы азайтылған. Осы учаскеде кеше, 18 қаңтарда да ақау шығып, жылу беру шектелген болатын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР ТАБЫСТАЛДЫ  

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді.…

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…