Categories Жайық news

Қазақстандағы боран: 5 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Қазақстанда күн райының бұзылуына байланысты бес облыста республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Кейбір учаскелерде дизель отынымен жүретін көліктер мен жолаушылар автобустарының жүруіне тыйым салынса, Қарағанды облысында барлық көлік түрі үшін жол толығымен жабық.

Павлодар облысы: Астана, Қарағанды, Абай облысы және РФ шекарасы бағыттарында дизельді және қоғамдық көліктерге шектеу қойылды.

Абай облысы: Семей, Қалбатау, Аягөз тасжолдарында, сондай-ақ ШҚО мен РФ бағытында автобустар мен дизельді көліктердің жүруі шектелді.

Қарағанды облысы: Павлодар және Абай облыстарына қатынайтын жол учаскелерінде қозғалыс толығымен тоқтатылды.

Жетісу облысы: «Үшарал – Абай облысының шекарасы» учаскесінде автобустар мен дизельді көліктерге шектеу енгізілді.

Ақмола облысы: «Астана – Павлодар» тасжолында қоғамдық көліктер мен дизельді автокөліктердің қозғалысы тоқтатылды.

Жолдар шамамен 18 қаңтар күні таңғы сағат 9:00-де ашылады.

Ұқсас жазбалар

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті: арнайы дабыл қосулы болған

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға кезінде арнайы дабыл шамдары қосулы болған.…

Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді

Қазақстандағы ең ірі жаңа кеме Оралда суға түсіріліп, оған Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Кеме «Зенит»…

«ӨСУ КАПИТАЛЫ: АЙМАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Оралда БҚО әкімдігі мен прокуратурасының ұйымдастыруымен «Өсу капиталы: аймақтың жаңа мүмкіндіктері» атты инвестициялық форум өтті.…