Categories Жайық news

Кәсіпкерлерге қолма-қол ақша алуға шектеу енгізілді: Лимит асып кетсе, құжат сұралады

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кәсіпкерлер үшін қолма-қол ақша шешуге қатысты жаңа талап күшіне енді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл өзгеріс жеке тұлғаларға қатысы жоқ. Тек кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.

Жаңа ережеге сәйкес, бизнеске қолма-қол ақша шешу үшін ай сайынғы лимит белгіленген. Ол шегінде кәсіпкерлер ешқандай қосымша рәсімсіз ақша ала алады:

  • Шағын бизнес — 20 миллион теңгеге дейін;
  • Орта бизнес — 120 миллион теңгеге дейін;
  • Ірі бизнес — 150 миллион теңгеге дейін.

Егер кәсіпкер осы лимиттен артық ақша шешкісі келсе, банк одан қаражаттың не үшін алынатынына қатысты ақпарат пен тиісті құжаттарды талап етеді. Сонымен қатар, клиент мәліметтерін Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберуге келісуі керек.

Банк сұранысты тіркеген соң, мәліметтер салық органдарына жолданады. Олар операцияның заңдылығын және салықтан жалтару тәуекелін тексереді.

«Қауіп анықталса, лимиттен тыс ақша беру тоқтатылады. Ал Комитет белгіленген мерзімде жауап бермесе, банк қаражатты беруге міндетті», — делінген ресми түсініктемеде.

Жеке тұлғалар өз шоттарынан бұрынғыдай еркін түрде ақша шешіп ала алады. Олар үшін ешқандай жаңа шектеу немесе тексеріс қарастырылмаған.

Ұқсас жазбалар

Aerial shot showcasing expansive green farmland with field boundaries and rural structures.

Жаңа Конституция: «Шетелдіктерге жер сатуға тыйым жойылды» деген ақпарат – жалған

Әлеуметтік желіде "Жаңа Конституцияда шетелдіктерге жер сатуға рұқсат етілді" деген ақпарат тарады. Үкімет бұл мәліметті…

Талдықорғанда газ толы бес вагон рельстен шығып кетті: Теміржол қозғалысы тоқтатылды

Талдықорғанда сұйытылған газ тиелген бес вагон рельстен шығып кетті. Оқиға салдарынан Талдықорған – Қарабұлак телімінде…

Қазақ асханасы әлемдегі ең дәмсіздердің бірі атанды: Жаңа рейтинг жарияланды

World Population Review порталы әлемдегі ең дәмді асханалардың жаңа рейтингін жариялады. Тізімде Қазақстан 99 елдің…