Сергей Пономарёв: «Дипфейктер – ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр»

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв Үкіметке – Жандос Мадиев пен Ержан Сәденовке – жасанды интеллект арқылы жасалатын дипфейктердің қаупі туралы депутаттық сауал жолдады.

Оның айтуынша, технология дамыған сайын жасанды бейнелер мен дауыстардың көмегімен жасалатын алаяқтық көбейіп барады. Депутаттың өзі де мұндай жағдайға тап болған: белгісіз біреулер оның дауысын және бейнесін қолдан жасап, одан ақша сұраған ролик таратқан.

«Мұндай жалған контент қоғамдық пікірді манипуляциялау мен мемлекеттік органдарды қаралау құралына айналуда. Егер дипфейк ел басшысын немесе белгілі тұлғаны “сөйлетсе”, бұл ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер», – деді Пономарёв.

Ол әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанда да нақты шаралар қабылдауды ұсынды:
– дипфейктерді анықтап, дереу бұғаттайтын мониторинг жүйесін құру;
– ресми контенттің түпнұсқалығын тексеру жүйесін енгізу;
– халық арасында дипфейкті тану және алаяқтықтан қорғану жөнінде ақпараттық науқан өткізу.

Депутаттың сөзінше, фракция заңнаманы қатайту және жасанды интеллект өнімдерін жауапсыз пайдалануға тыйым салу бағытында жұмыс істеп жатыр.

Ұқсас жазбалар

14 өңірде Tomorrow School мектептері ашылды: Тоқаев білім бастамаларын іске қосты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 өңірде Tomorrow School мектептерін ашу рәсіміне қатысып, білім беру бастамаларын іске…

Қызылордада ауылды су басу қаупі сейілді: жағдай бақылауда

Қызылорда облысында қатты жауыннан арық арнасынан асып, ауылды су басу қаупі туған еді. Қазір жағдай…

Алматыдағы көшеге Мұхтар Шахановтың есімі берілмек

Алматы тұрғындары Абдулла Розыбакиев көшесінің атауын өзгертіп, оған Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың есімін беруді ұсынды.