Categories Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордаға жұмыс сапармен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Президент өңірдің өндірістік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарын аралап көруді жоспарлаған.

Сапар «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды. Мемлекет басшысына әуежайдың жұмыс процесі, ішкі және халықаралық рейстерге қызмет көрсету жүйесі туралы ақпарат берілді. Президент жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтарын, шекаралық-кедендік бақылау пункттерін, күту залын және автоматтандырылған жүк беру жүйесін аралап көрді.

Жаңа терминал 2024 жылдың қараша айында пайдалануға берілген. Жобаны жүзеге асыруға 16,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартылған, ал инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге жергілікті бюджеттен 4,3 миллиард теңге бөлінген.

«Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы өңірдің көлік инфрақұрылымын нығайтып, Қызылорданың экономикалық және туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Сурет: Ақорда

Ұқсас жазбалар

Президент Токаев ДДСҰ басшысымен кездесті: Қазақстан денсаулық сақтауда жаңа серіктестіктерге дайын

Қасым-Жомарт Токаев ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесіп, денсаулық сақтаудағы ынтымақтастықты талқылады.

Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Под председательством Президента Казахстана состоялось заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала…

Бүгін Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр

Саммитке қатысушы делегация басшылары ЕХРО көрме орталығына келді. Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.…