Categories Жайық news

Қазақстанда камералар жаңа ереже бұзушылықтарды тіркей бастады: Енді телефонмен сөйлесу де есепке алынады

12 наурыздан бастап Қазақстан жолдарындағы камералар бұрын тіркелмеген жаңа ереже бұзушылықтарды анықтай бастады. Енді жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпағаны немесе рөлде телефонмен сөйлескені автоматты түрде жазылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл өзгерістер Цифрлық кодекс аясында қабылданған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 31-бабына енгізілген түзетулердің күшіне енуіне байланысты болып отыр. Бұл жаңашылдық жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу тәртібін реттейді.

«Жаңа нормалар жүргізушілерге қосымша тыйым салмайды немесе талаптарды қатаңдатпайды. Заң бұрынғыдай, тек ереже бұзуды тіркеу тәсілі өзгерді. Мақсат – заманауи технологиялар арқылы жолдардағы тәртіпті арттырып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деп түсіндірді Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шүмаев.

Бұған дейін автоматты жүйелер ереже бұзушылықтың алты түрін тіркейтін:

  • жылдамдықты асыру;
  • бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту;
  • жол белгілері мен таңбаларын сақтамау;
  • көлікті дұрыс тоқтатпау немесе тұраққа қоймау;
  • басып озу ережесін бұзу;
  • жаяу жүргіншілерге жол бермеу.

Енді бұл тізімге рөлде отырып телефон пайдалану және қауіпсіздік белдігін тақпау қосылды. Сондай-ақ, жүйе мемлекеттік дерекқорлармен интеграция арқылы техникалық байқаудың мерзімі өткенін, сақтандыру полисінің жоқтығын және басқа да заңбұзушылықтарды тіркей алады.

Заңда ескерту қарастырылған жекелеген жағдайларда жүйе оны автоматты түрде рәсімдей алатыны да айтылды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…