Categories Жайық news

АҚШ Иранға қатаң ескерту жасады: «Президент Трамппен ойын ойнамаңыздар»

Иранның рухани көшбасшысы Әли Хаменеи елдегі тәртіпсіздіктерге АҚШ-ты кінәласа, Вашингтон Тегеранға қатаң ескертумен жауап берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи соңғы наразылықтар кезінде АҚШ-тың негізгі мақсаты Иранды «жұтып қою» болғанын мәлімдеді. Ол АҚШ президенті Дональд Трампты осы оқиғаларға тікелей жауапты деп санайды.

«Біз президент Трампты құрбандар үшін, келтірілген шығын үшін және Иран халқына жапқан жаласы үшін қылмыскер деп есептейміз», — деді Хаменеи.

Бұл мәлімдемеге АҚШ Мемлекеттік департаменті X әлеуметтік желісіндегі парсы тіліндегі ресми парақшасы арқылы жауап қатты.

«Ислам Республикасының америкалық базаларға шабуыл жасауды жоспарлап жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Президент Трамп бірнеше рет атап өткендей, барлық нұсқалар қарастырылады. Егер Ислам Республикасы америкалық нысандарға шабуыл жасаса, ол өте қуатты күшпен бетпе-бет келеді. Біз мұны бұрын да айтқанбыз, тағы да қайталаймыз: президент Трамппен ойын ойнамаңыздар», — делінген хабарламада.

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…