Categories Жайық news

Бес гол соғылған матч: «Барселона» «Реалды» тізе бүктіріп, Испания Суперкубогын иеленді

Сауд Арабиясында өткен Испания Суперкубогының финалында «Барселона» мадридтік «Реалды» жеңіп, турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Тартысты өткен «Эль-Класико» 3:2 есебімен каталондықтардың пайдасына шешілді. Бірінші тайм голға өте бай болды. 36-минутта Рафинья есеп ашса, таймның соңына қосылған уақытта командалар үш бірдей гол соғып үлгерді. Алдымен Винисиус есепті теңестірсе, араға екі минут салып Роберт Левандовски «Барселонаны» қайта алға шығарды. Алайда үзіліске кетер сәтте Гонсало Гарсия таразы басын теңестіріп, командалар 2:2 есебімен демалуға кетті.

Ойын тағдырын шешкен голды 73-минутта тағы да Рафинья соқты. Бразилиялық шабуылшы осылайша дубль авторы атанып, командасына маңызды жеңіс сыйлады. Бұл жеңіс арқылы «Барселона» турнирдегі титулын сәтті қорғап қалды.

Айта кететін жайт, ойын соңында каталондықтардың жартылай қорғаушысы Френки де Йонг қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Бұл – «Барселонаның» 25 қарашадан бергі барлық турнирдегі қатарынан оныншы жеңісі. Сонымен қатар Хави шәкірттері «Реалды» соңғы алты кездесудің бесеуінде жеңіп отыр.

Еске салсақ, өткен жылы да «Барселона» Суперкубокты иеленіп, финалда «Реалды» 5:2 есебімен ойсырата ұтқан болатын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…

БҚО-да ардагерлерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілді  

Батыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл…

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті: арнайы дабыл қосулы болған

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға кезінде арнайы дабыл шамдары қосулы болған.…