Categories Жайық news

Несиеңізді банк «үнсіз» кешіре салмайды: Қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды

Әлеуметтік желілерде тараған «банктер қарызды жаппай кешіріп жатыр» деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) қазақстандықтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырып, тараған жалған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Банктердің несиені кешіріп жатқаны туралы ақпарат – фейк. Ақша үшін «керемет» уәде ететін делдалдарға сенбеңіздер. Жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап беретінін ескертеміз», – делінген агенттік хабарламасында.

Егер несиені төлеу шынымен қиындаса не істеу керек?

Қазақстанда қарыз алушыларға көмек көрсетудің бірыңғай заңды тетігі жұмыс істейді. Ең алдымен, несие берушіге (банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік) тікелей жүгініп, несие шарттарын өзгерту туралы жазбаша өтініш беру керек.

Өтінішке табысыңыздың азайғанын растайтын құжаттарды (жұмыстан шығу, ауру, мүгедектік, жақын адамының қайтыс болуы, төтенше жағдайдан келген залал және т.б.) қоса тапсыру қажет.

Өтініш 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады. Оны мекеменің өзіне, мобильді қосымша арқылы немесе келісімшартта көрсетілсе, электронды поштамен жіберуге болады.

Соңғы амал – жеке тұлғаның банкроттығы

Егер несиені төлеу мүлдем мүмкін болмаса, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды пайдалануға болады. Бұл рәсім тегін, өтінішті eGov.kz порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы беруге болады. Алайда, оның салдарын алдын ала мұқият бағалаған жөн.

Қорыта айтқанда, ешқандай «ғажайып несие кешірімі» жоқ, бірақ қиын жағдайдан шығудың заңды жолдары бар.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Климаттық апат»: АҚШ-та газ бағасы шарықтап, дүкен сөрелері босап қалды

АҚШ-тың жартысын алапат дауыл басты. 172 млн адамға қауіп төніп, 10-нан астам штатта төтенше жағдай…

Украина мен Ресей Абу-Дабиде келіссөз бастады: Трамптың өкілдері де қатысып жатыр

Абу-Дабиде Украина, Ресей және АҚШ арасында соғысты тоқтату бойынша келіссөздер басталды. Оған Трамптың күйеу баласы…

Қызылша деп ойлаған: Түркістанда 8 айлық сәбидің денесінен ине шықты

Түркістанда дәрігерлер қызылша деп ойлаған 8 айлық сәбидің ішінен ине алып шықты. Рентген нәрестенің бауырына…