Categories Қаржы

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәртібі қатаңдауы мүмкін

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәртібі қатаңдауы мүмкін,-деп жазады Zhaiyqmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлемдер ережесіне өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, қазір қоғамдық талқылауға шығарылды.

Ұсынылған түзетулерге сәйкес:

  • Егер азаматтың Қазақстанда тұрақты тұратыны дәлелденбесе, зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері уақытша тоқтатылады. Қазірдің өзінде 100 мыңнан астам алушының тіркеуі жоқ екені анықталған.
  • Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында немесе қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде тұратын азаматтарға да төлемді шектеу ұсынылады. Министрлік мұны «олар толықтай мемлекеттің қамтамасыздығында» деген уәжбен түсіндіреді.

Құжат бойынша қоғамдық талқылау 24 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ұқсас жазбалар

Бизнесмендер мен экономистер министрдің салық реформасына қарсы шықты

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің Салық кодексіне қатысты жазбасы бизнес иелері мен экономистердің наразылығын тудырды.

Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірдегі нақты бағамдар

26 сәуірде Қазақстан қалаларында доллар, еуро және рубль бағамы жарияланды. Доллар 449-455 теңге, еуро 488-496…

25 сәуірдегі валюта бағамы: доллар мен еуро қанша тұрады?

Ұлттық банк 25 сәуірге арналған ресми валюта бағамын жариялады. АҚШ доллары 460,35 теңге, еуро 500,12…