Рафаэль Уразбахтин: «Реалдың» осал тұстарын таптық»

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин тарихи матч алдында пікір білдірді:

> «Команда үшін де, ойыншылар үшін де, бапкерлер үшін де бұл – тарихи ойын. „Реал“ секілді клубтың Алматыға келгеніне қуаныштымыз. Мадридтіктердің соңғы бес матчын және „ПСЖ“-ға қарсы өткен әлемдік ойындарын мұқият қарадық. „Атлетикоға“ қарсы кездесудегідей сәтсіздіктер де болып тұрады. „Реал“ сияқты азулы клубтың осал тұстары көп емес, бірақ біз бақылап, кейбір минустарын таптық. Оны пайдалана алу – біздің міндет», – деді ол.

 

Сонымен қатар Уразбахтин Хаби Алонсоның жанкүйері екенін, «Байердің» ойындарын жиі көретінін атап өтті.

Чемпиондар лигасының 2-туры:
«Қайрат» – «Реал Мадрид»
30 қыркүйек, 21:45, Алматы, Орталық стадион.

Ұқсас жазбалар

Ақтөбеде белгісіз ер адам 7 жасар қызды алдап кетпек болды: куәгерлер тоқтатты

Ақтөбеде 7 жасар қызды белгісіз ер адам алдап кетпек болды. Көршілер дереу араласып, баланы құтқарып…

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші 15 тәулікке қамалды

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші 15 тәулікке қамалып, көлігі айыптұраққа қойылды. Полиция мұндай әрекеттерге төзбейтінін ескертті.

ШҚО-дағы тасжолда екі көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында Алматы – Өскемен – Ресей шекарасы бағытындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, екі…