Categories Жайық news

Нұрай Серікбай ісі: Тоқаевтың сынынан кейін Шымкенттің бас полицейі қызметінен босатылды

Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты қоғамда үлкен резонанс тудырған істен кейін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков қызметінен алынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігі жүргізген қызметтік тексерудің қорытындысы осындай шешімге негіз болды. Н. Алмасбековпен бірге оның бірінші орынбасары да лауазымынан босатылып, тағы бірнеше полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды.

Бұған қоса, ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті марқұмның отбасының арыз-шағымдарын тиісінше қарамау ықтималдығына байланысты соталды тергеуді бастады. Оның аясында полицияның өтініштерді қалай қабылдағаны және қаншалықты уақтылы әрекет еткені тексеріліп жатыр.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл іске қатысты Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға Шымкент полициясының жұмысына құқықтық баға беруді тапсырған еді. Мемлекет басшысы мұндай қылмыстарға мүлдем жол беруге болмайтынын қатаң ескерткен болатын.

Министрлік істің объективті тергелуін қамтамасыз ету үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылғанын және тергеу барысы ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Ата заңды өзгерту үшін: Тоқаев арнайы комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Тоқаев Ата заңды өзгерту үшін арнайы комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл –…

Данияр Әшімбаев: Биліктің жаңа комбинациясы басқарылмайтын наразылыққа әкелуі мүмкін

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев президент мерзімі, вице-президент лауазымы және жаңа саяси реформалардың ықтимал қауіптеріне талдау жасады.

Марк Карни: «Әлемдік тәртіптің әдемі ертегісі аяқталды»

Белгілі қаржыгер Марк Карни Давостағы форумда әлемдік тәртіптің «ертегісі аяқталғанын» мәлімдеп, елдерді жаңа шындыққа дайындалуға…