Categories Жайық news

БҚО ӘКІМДІГІ МЕН «ҚАЗАҚСТАН ЖОЛ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ» АҚ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТЫЛДЫ

Сурет: Видеодан скрин БҚО

Батыс Қазақстан облысында жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру, автомобиль жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй, салалық басқарма мен бөлім басшылары, сондай-ақ «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ президенті Біржан Бисекенұлы Канешев қатысты.

Кездесу барысында өңірдің жол шаруашылығына заманауи ғылыми тәсілдерді енгізу, озық технологияларды пайдалану, техникалық қадағалау сапасын арттыру және салалық мамандардың біліктілігін жетілдіру мәселелері талқыланды. Тараптар тәжірибе алмасу мен бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

Қазіргі таңда облыстағы автожолдардың жалпы ұзындығы 6183 шақырымды құрайды. Оның ішінде 1349 шақырымы – республикалық маңызы бар, ал 4834 шақырымы – жергілікті деңгейдегі жолдар. Осыған байланысты жол сапасын жақсарту өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін басты басымдықтардың бірі болып табылады.

Жиын қорытындысында БҚО әкімдігі мен «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, инновациялық технологияларды енгізу және жол сапасын арттыру жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжатта жол желілерін қайта жаңғырту, жаңа жолдар салу, сапалы құрылыс материалдарын пайдалану, заманауи стандарттарға сай жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдарды күтіп-ұстау тәжірибесін жетілдіру бағыттары қамтылған.

Облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй бұл әріптестік өңірдің тұрақты дамуына оң әсер етіп, тұрғындардың көлік қолжетімділігін арттыруға және жол инфрақұрылымының сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететінін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Кабинеттегі төбелестен кейін Серік Сәпиев пен орынбасары жұмыстан босатылды

Қарағанды облысы спортының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары шулы жанжалдан кейін жұмыстан кетті. Кабинеттегі…

Жетісу облысында сұмдық: 3 жасар баласын аяусыз соққыға жыққан әке ұсталды

Талдықорғанда 3 жасар баласын аяусыз сабаған әке ұсталды. Сұмдық оқиға әлеуметтік желіге тараған видеодан кейін…

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА — ӨЗГЕРІСТІҢ БАСТАУЫ

Қазір әлем күн санап өзгеріп жатырғаны рас. Халықтың талап-тілектері мен сұранысының сипаты өзгеруде. Жүргізіліп жатқан…