Categories Жайық news

ҚМДБ жаңашылдығы: Діни сұрақтарға енді жасанды интеллект жауап береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) дін саласына заманауи технологияны енгізіп, IMAM AI атты жасанды интеллект қосымшасын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылға арналған бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Діни басқарманың мәліметінше, жаңа жоба имамдардың жұмысын жеңілдетіп, жамағаттың сенімді діни ақпаратты кедергісіз алуына жағдай жасайды.

IMAM AI қосымшасы тұрмыстық және діни сұрақтарға жедел жауап беріп, шариғат нормаларын түсіндіруде бірыңғай ұстанымды сақтауға көмектеседі.

Ұқсас жазбалар

Magnum қызметкері пышақты қарақшыны жалғыз өзі құрықтады

Астанада Magnum супермаркетінің қызметкері көрші дүкенге басып кірген пышақты қарақшыны жалғыз өзі құрықтап, полицияға тапсырды.

Mortgage broker and client discussing loan application with documents on table.

Несиесі көп қазақстандықтар назарына: Қарызды 5 жылға дейін шегеруге болады

Қазақстанда бірнеше несиесі бар азаматтарға қарызын 5 жылға дейін шегеруге мүмкіндік берілуі мүмкін. Жаңа ереже…

Қарлы боран мен көктайғақ: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде қарлы боран, көктайғақ және қатты жел болатынын ескертті. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр…