Categories Жайық news

The Washington Post: АҚШ-тың бұл әрекеті әскери қылмысқа жатуы мүмкін

The Washington Post басылымы АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Тынық мұхитында есірткі тасыды деген күдікпен кемеге шабуылдау үшін азаматтық ұшақ кейпіндегі әскери техниканы пайдаланғанын хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Басылымның дереккөздерінің ақпараты бойынша, ұшақтың сыртында ешқандай қару болмаған, яғни зымырандар қанатының астында емес, фюзеляждың ішінде жасырылған. Ол әскери ұшақ ретінде радиосигналдар таратқанымен, кемедегі адамдарда мұндай сигналды қабылдайтын жабдық болмаса, оның әскери техника екенін білуі мүмкін емес еді.

Сол соққы салдарынан 11 адам қаза тапқан. Олардың екеуі алғашқы шабуылдан аман қалып, кейін суда кеме сынықтарына жармасып жатқанда екінші соққыдан мерт болған. Жалпы АҚШ осындай 30-дан астам шабуыл жасап, нәтижесінде 100-ге жуық адам көз жұмған.

Бұл оқиға Пентагонда әскери ұшақтың мәртебесін жасыру халықаралық құқықты бұзу болып санала ма деген қызу пікірталас тудырған.

«Мұндай жасырынуды өзін-өзі қорғау үшін қолдану әскери қылмыс болып саналмайды, бірақ шабуыл жасау үшін пайдалану – заң бұзушылық», – деп келтіреді басылым Пентагонмен жұмыс істеген бұрынғы әскери заңгердің сөзін.

Ақ үй бұл жарияланымға қатысты әзірге түсініктеме бермеді.

Ұқсас жазбалар

Қытайда ірі алаяқтық пен кісі өлтіруге барған синдикаттың 11 мүшесі дарға асылды

Қытайда 1,4 млрд доллардан астам қаржы жымқырып, 14 адамның өліміне себепкер болған қылмыстық топтың 11…

European Union flag with missing stars representing Brexit concept.

Иран сақшылары корпусы: «Өз азаматтарын өлтірген режим құрдымға кетеді»

Еуроодақ Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусын террористік ұйым деп танып, елдегі наразылықты басқаны үшін жаңа…

Close-up of a police officer handcuffing a suspect outdoors, enforcing law.

Түркістандағы жанжал: 18 жастағы қызды зорлады деген үш полицей жұмыстан қуылды

Түркістан облысында 18 жастағы қызды зорлады деп айыпталған үш полиция қызметкері жұмыстан босатылды. ІІМ оларға…