Categories Қоғам

 БҚО ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ   

БҚО ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ақжайық ауданында БҚО облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылды.

Ең алдымен, іс-шараға қатысушы ел қонақтары аудан әкімі Мұрат Сердалиннің қабылдауында болды.

Кейін аграрлық техникалық колледжінінің директоры Жарас Сағындықов колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстырды.

Аудандық кітапханада ұйымдастырлыған отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішіндегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға қосқан үлесі, сондай-ақ ҚХА-ның XXIV сессиясының қорытындылары талқыланып, «Адал адам – адал еңбек» тақырыбында аудан ардагерлерімен кездесу өтті.

Отырысқа қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ердос Умитов өз сөзінде «Бүгінгі кездесуде айтылған әрбір ой, бөлісетін әрбір естелік – біз үшін баға жетпес мұра. Еңбектің қадірін арттырып, адалдық пен әділеттілікті ту еткен қоғам қалыптастыру жолында бұл бастаманың мәні ерекше. Татулық пен тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді дәріптеу, оны ізіміздегі ізетті ұрпаққа жеткізу – қасиетті борышымыз, құрметті парызымыз!», — деді.

Жиында аграрлық техникалық колледжінінің директоры Жарас Сағындықов «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледждің атқарған іс-шаралары, «Радуга» ұоғамдық бірлестігінің мүшесі Л.Акутина «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішіндегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы ұжымның толымды жұмыс нәтижесі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Үмбеталиев «Аудандық ардагерлер кеңесінің қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастығы мен ықпалы, атқарған іс-шаралары туралы баяндап өтті.

«ЖАЙЫҚ ТАҢЫ» ГАЗЕТІ

 

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп…

Конституцияға енгізілетін өзгерістер қоғамның мықты және әділ мемлекетке деген сұранысын көрсетеді – Гүлзира Атабаева 

Конституцияға дінді мемлекеттен бөлетін және зияткерлік меншікті қорғауды күшейтетін білім берудің зайырлы сипатын бекітетін түзетулер…

Болашақ Парламенттің қызметтік шеңбері бір жарым еседен астам өседі – Айдос Сарым  

Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым Конституциялық реформа аясында ұсынылған түзетулерге қатысты өз ұстанымын білдірді. Бүгін…