Сергей Пономарёв: «Дипфейктер – ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр»

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв Үкіметке – Жандос Мадиев пен Ержан Сәденовке – жасанды интеллект арқылы жасалатын дипфейктердің қаупі туралы депутаттық сауал жолдады.

Оның айтуынша, технология дамыған сайын жасанды бейнелер мен дауыстардың көмегімен жасалатын алаяқтық көбейіп барады. Депутаттың өзі де мұндай жағдайға тап болған: белгісіз біреулер оның дауысын және бейнесін қолдан жасап, одан ақша сұраған ролик таратқан.

«Мұндай жалған контент қоғамдық пікірді манипуляциялау мен мемлекеттік органдарды қаралау құралына айналуда. Егер дипфейк ел басшысын немесе белгілі тұлғаны “сөйлетсе”, бұл ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер», – деді Пономарёв.

Ол әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанда да нақты шаралар қабылдауды ұсынды:
– дипфейктерді анықтап, дереу бұғаттайтын мониторинг жүйесін құру;
– ресми контенттің түпнұсқалығын тексеру жүйесін енгізу;
– халық арасында дипфейкті тану және алаяқтықтан қорғану жөнінде ақпараттық науқан өткізу.

Депутаттың сөзінше, фракция заңнаманы қатайту және жасанды интеллект өнімдерін жауапсыз пайдалануға тыйым салу бағытында жұмыс істеп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Мәди Мырзағараев соттың санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында сот санкциясынсыз ұстау…

Жақып Асанов: жеке деректердің қорғалмауы — мемлекетке төнген тікелей қауіп

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында жеке деректерді…

Конституциялық реформаның маңызды бағыты – шығармашылық еркіндік, сөз бостандығы болуы тиіс

Қоғамды кемел оймен, жүйелі сөзбен, еркін пікірмен дамытудың маңызы зор. Елдің ғылымы мен мәдениеті, инновациясы…