Categories Жайық news

Дональд Трамп өзін Венесуэланың уақытша президенті етіп «тағайындады»

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы етіп тағайындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Трамп өзінің Truth Social парақшасында Уикипедиядағы өмірбаян үлгісінде жасалған скриншотты жариялады. Онда Дональд Трамптың 2026 жылдың қаңтарында Венесуэла президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалғаны жазылған. Бұл ретте ол АҚШ президенті лауазымын да сақтап қалған.

Ресми түрде Венесуэла президентінің міндетін қазір Делси Родригес уақытша атқарып отыр. Жақында ол елдегі саяси тұтқындардың босатылатынын мәлімдеген. Осыған дейін 18 адам бостандыққа шықты.

Фото: Ақ үй

Ұқсас жазбалар

Трамп Тоқаевты Давосқа шақырды: Президент маңызды құжатқа қол қоймақ

Қасым-Жомарт Тоқаев 22 қаңтарда Дональд Трамптың шақыруымен Давосқа ұшады. Президент Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою…

Давос форумы басталды: Трамптың жаңа жоспары мен Макронның қатаң ескертуі

Швейцариядағы Давос форумында әлемдік саясаттағы шиеленіс талқыланып жатыр. Трамп жаңа альянс құруды жоспарласа, Макрон Еуропаның…

Ереже қатайса да, банктердің табысы артты: бір жылда 2,7 трлн теңге пайда көрді

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан банктерінің жиынтық пайдасы 2,7 трлн теңгеге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда…