Categories Жайық news

Атыраудағы жұмбақ оқиға: Өлтірілген ерлі-зайыптының қызы мен күйеубаласына халықаралық іздеу жарияланды

Атырау облысында ерлі-зайыптының өліміне қатысты күдікті мен олардың кіші қызына халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Атырау облысының полиция департаменті Жангелдин ауылында кісі қолынан қаза тапқан ерлі-зайыптының ісі бойынша жаңа деректерді жариялады. Олардың мәліметінше, қылмысқа басты күдікті – марқұмдардың күйеубаласы, яғни Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны.

«Қылмыс жасады деген күдікке Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны ілінді. Сондай-ақ басқа да тұлғалардың ықтимал қатысы тексеріліп жатыр», – деп атап өтті полициядағылар.

Күдіктімен бірге оның жұбайы, яғни марқұм болған отбасының 30 жастағы кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға да іздеу жарияланған. Алайда полиция оның іс бойынша «хабар-ошарсыз кеткен» ретінде өтіп жатқанын нақтылады.

«Біз халықаралық іздеудің бағыттарын жариялай алмаймыз, себебі күдіктілерге жетуі мүмкін кез келген ақпарат тергеу барысына кедергі келтіруі ықтимал. Халықаралық іздеу әлемнің барлық елінде жүргізілетінін ескертеміз», – деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Бұдан бөлек, өлтірілген ерлі-зайыптының 32 жастағы ұлы Наурыз Мұқанғалиев пен 35 жастағы үлкен қызы Мейрамгүл Қарабалинаны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Наурыздың телефоны 6 қаңтардан бері өшірулі болғаны белгілі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

A moody, illuminated pathway at a train station during night with glowing lamps.

Киев мэрі: «Бұл — ең ауыр соққы, тұрғындар қаладан уақытша көшсін»

Ресей әскері Киевке жаппай зымыран соққысын жасады. Қала тұрғындары жарықсыз, сусыз қалды. Мэр Виталий Кличко…

Close-up grayscale portrait of a riot police officer in Sao Paulo, Brazil.

Ирандағы жағдай ушықты: Құрбандар саны мыңдап саналуы мүмкін

Норвегияда орналасқан Iran Human Rights ұйымы Ирандағы наразылықтар кезінде қаза тапқандар саны 6 мыңға жетуі…

Қазақстанда зейнетақыны емделуге жұмсау уақытша тоқтатылды: Банк себебін түсіндірді

«Отбасы банк» зейнетақының бір бөлігін емделуге жұмсауға арналған өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатты. Бұл шешімнің себебі…