Атырау облысында бір отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген ер адам Индонезияда қолға түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Қазақстандық полицейлердің сұрауымен күдіктіні ұстау операциясы Индонезияның Ломбок аралындағы Сенуар ауылында жүргізілген.
«Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі, яғни «Адам өлтіру» бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті ер адам ұсталды», – делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, операция кезінде бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен деп танылып, халықаралық іздеуде жүрген оның бұрынғы әйелі де табылды.
Фото: Әлеуметтік желіден

