Categories Қоғам

Атырауда тығылып қоқыс төккендер анықталды

Республика бойынша ірі қоқыс үйінділерін анықтау бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жыл сайын қашықтықтан спутниктік бақылау жүргізіп отырады. Сондай-ақ, Атырау қаласының тұрғындары мен қоғам белсенділерінің әлеуметтік желіге жауапты органдарды белгілеу арқылы да рұқсатсыз қоқыс орындары анықталуда. Мұны AtyrauPress тілшісі мәлім етті.

Атырау облысы бойынша экология департаментінің баспасөз өкілі Эльнара Ораловадан білгеніміздей, департамент мамандары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, облыстық полиция департаменті өкілдерімен бірлесіп заңсыз тұрмыстық қалдықтар тастаған тұлғаларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізуде.

Осы ретте, 10 қыркүйек күні Атырау облысы бойынша экология департаменті рұқсатсыз қалдықтарды тазарту жұмыстарын ұйымдастырды. Оған департамент мамандары, Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өкілі, «Арнаулыавтобаза» ЖШС-нің коммуналдық қызметкерлері қатысты.

«Тазарту жұмыстары “Жөнеген” зираты маңында өткізіліп, төрт арнайы техника мен бірнеше коммуналдық қызметкерлердің көмегімен қоқыс тастау орындарына тазарту, жою жұмыстары жүргізілді» дейді Э.Оралова бізбен әңгімесінде.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ спутниктік жүйе арқылы жүргізілген түсірілімдеріне сәйкес, биыл облыс аумағында рұқсатсыз қалдықтардың (стихиялық қоқыс) 40 орны анықталды. Оның 19-ны Атырау қаласы, жетеуі Махамбет ауданы, 13-і Жылыой ауданы, біреуі Мақат ауданында орналасқан.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Атырау қаласынан 5, Жылыой ауданынан 13, Мақат ауданынан 1, Махамбет ауданынан 3 рұқсатсыз қоқыс орны анықталып, тазартылған. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда.

Ұқсас жазбалар

30 наурыз – Халықаралық қалдықсыз күн

Халықаралық қалдықсыз күн аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасында қалдықтарды тұрақты…

Запрет на смартфоны в школах Нидерландов: стали ли дети лучше учиться?

Два года назад в Нидерландах ввели запрет на использование смартфонов в школах. Это было сделано,…

Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды

Су ресурстары және ирригация министрінің қатысуымен Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы…