Атырауда 500-ге жуық тұрғын жалпықалалық сенбілікке қатысты,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.
Атырау қаласында “Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы аясында Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті. Шараға шамамен 500 тұрғын қатысып, 7 арнайы техника жұмылдырылды.
Сенбілік барысында 35,6 тонна қоқыс шығарылып, мекеме аулалары шөптен тазартылды, ағаштар қырқылып, қоршаулар сырланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар қаланың көркеюіне ғана емес, тұрғындардың бірлігін нығайтуға да септігін тигізеді.