Categories Жайық news

Атырау әкімдігі тұрғындарды «жүгіру фестивалі» туралы фейк ақпаратқа сенбеуге шақырды

Атырау әкімдігі тұрғындарды «жүгіру фестивалі» туралы фейк ақпаратқа сенбеуге шақырды,- деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Атырау қаласының әкімдігі әлеуметтік желілерде 15 қазан күні өтеді деп тараған «жүгіру фестивалі» жайлы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған шараны ұйымдастырушылар қолданыстағы заңнамаға сай рұқсат алмаған.

«Қоғамдық орында бұқаралық іс-шара өткізу үшін жергілікті атқарушы органның келісімі қажет. Бұл талап орындалмаған», — делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар, жарнамаларда қатысу ақысы – 5000 теңге деп көрсетілгені айтылған. Бұл – тұрғындарды шатастыруы және алаяқтық әрекеттерге жол ашуы мүмкін.

Атырау әкімдігі қала тұрғындарын сақ болуға, бейтаныс тұлғаларға ақша аудармауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Рұқсат етілген барлық іс-шаралар туралы ақпарат әкімдіктің ресми парақшалары мен сайтында қосымша хабарланатын болады.

Ұқсас жазбалар

Ауыл әкімі жұрт алдында айтқан дөрекі сөзі үшін кешірім сұрады

  Шығыс Қазақстан облысында Шілікті ауылдық округінің әкімі тұрғындармен өткен жиында ашуға беріліп, әдепсіз сөз…

Оралдық ұстаздар Президент қолынан мемлекеттік награда алды

Оралдық ұстаздар Президент қолынан мемлекеттік награда алды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Ұстаздар күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Қарттар күніне орай тыл ардагеріне құрмет көрсетілді

1 қазан – Қарттар күніне орай мұнай саласының дамуына елеулі үлес қосқан, тыл ардагері Мұқанов…