Categories Жайық news

Түркістан облысында жойқын жол апаты болды: үш адам тіл тартпай кетті

Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Қазығұрт – Жібек жолы тасжолында болған. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апатына Kia және Haval көліктері түскен.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Kia көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан Haval көлігімен соқтығысқан», – делінген полиция хабарламасында.

Соққының қатты болғаны сонша, үш адам оқиға орнында бірден көз жұмды. Тағы бірнеше зардап шеккен адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі таңда полиция осы жайтқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы уақытша қызметінен шеттетілді

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев 3 маусымнан бастап бір ай мерзімге…

Мас күйінде ұсталған Чапаев ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылуы мүмкін

Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зинуллинге қатысты тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн

Қоршаған ортаны қорғау бүгінде мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Батыс Қазақстан облысында…