Categories Жайық news

Астанада тағы да автобус апатқа ұшырап, 14 адам зардап шекті

Бүгін таңертең елордада автобус жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады, деп хабарлайды ZhaiyqMedia ақпарат порталы.

Жол-көлік оқиғасы Астанадағы Қабанбай батыр даңғылында болды. Тараған видеоға қарағанда, автобус қалалық маршрутта жүрген көлікке ұқсамайды.

— Қабанбай батыр көшесінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 14 адам жедел жәрдем арқылы қалалық көпсалалы стационарларға, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді. Қабылдау бөлімінде барлығы салалық мамандардың тексеруінен өтті. Осы орайда зардап шеккендердің бірқатары амбулаторлық емдеуге жіберілді, ал қалғандары қосымша тексеруден өтіп жатыр. Зардап шеккендердің басым бөлігі жеңіл түрде жараланған, — делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының Kazinform агенттігіне берген мәліметінде.

Ұқсас жазбалар

Менің Оралым

Батыс Қазақстанның жүрегінде орналасқан Орал қаласы – тарих пен заманауи өркениет тоғысқан ерекше мекен. Еуропа…

Оралдың жылу жүйесі жаңарды

Қаланың инфрақұрылымдық жүрегі – жылу жүйесі. Әкім Мұрат Байменовтың айтуынша, соңғы жылдары бұл салада ауқымды…

Оралда жаңа мектептер салынып, білім инфрақұрылымы жаңарып келеді

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов халық санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салудың маңыздылығын атап өтті.…