Categories Жайық news

Астанада көлік жүргізген мас судьяға 786 мың теңге айыппұл салынды

Астанада көлік жүргізу кезінде мас болған және жарамсыз жүргізуші куәлігімен ұсталған судья Әсел Досаеваға қатысты сот өз шешімін шығарды. Сот оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 786 400 теңге айыппұл тағайындады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқиға 2025 жылдың 1 қарашасында болған. Полиция рейд жүргізу кезінде Mazda көлігін тоқтатып, рөлде отырған азаматшаның жүргізуші куәлігі жарамсыз екенін анықтаған. Құжаттың мерзімі бірнеше ай бұрын — 3 шілдеде аяқталған екен. Сонымен қатар, медициналық тексеріс арқылы оның жеңіл дәрежеде мас болғадығы дәлелденді.

Судья Әсел Досаева көлік басқару құқығынан айырылған күйде және жеңіл алкоголдік ішімдік ішкен соң рөлге отырғаны үшін жауапқа тартылды

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Кәсіпкерлерге қолма-қол ақша алуға шектеу енгізілді: Лимит асып кетсе, құжат сұралады

Кәсіпкерлер енді қолма-қол ақша лимитпен шешеді. Артық сома алса, банк құжат талап етеді. Жеке тұлғаларға…

Алматы облысында қарақшылар 8 жылқыны атып, етін алып кеткен

Бәйдібек би ауылы маңында қарақшылар жылқыларды оққа ұшыратып, етін қырып алып кеткен. Полиция оқиға орнына…

АШМ-де сиыр еті экспортына енгізілген шектеулер түсіндірілд

Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара мал етін шығаруға қатысты жаңа шектеулерді қолдану тәртібін түсіндірді. 2025…