Categories Жайық news

Астанада – ақ боран, Шымкентте – көктем исі: Еліміздің үш қаласында ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің ірі қалаларында ауа райы құбылмалы болады: астанада аяз күшейіп, боран соқса, оңтүстікте көктемнің алғашқы лебі сезіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Астанада нағыз қыс салтанат құрады. Синоптиктердің болжауынша, қалада қар жауып, бұрқасын соғады. Түнгі уақытта ауа температурасы -22°C дейін төмендесе, күндіз -11…-17°C аралығында болады. Қала тұрғындары мен қонақтарына жылы киінуге кеңес беріледі.

Алматыда ауа райы біршама тұрақты. Жауын-шашын күтілмейді. Дегенмен, түнде қаланы тұман басып, жолдарда көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -5…-10°C, ал күндіз 0…+2°C шамасында жылы болады. Жүргізушілерге жолда абай болу қажет.

Шымкентте ауа райы құбылмалы болмақ – алдымен қар жауып, арты жаңбырға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болады және екпіні секундына 20 метрге жететін қатты жел соғады. Күндіз еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда едәуір жылы: ауа +1-ден +5°C-қа дейін жылиды.

«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, осындай ауа райы сейсенбіге дейін сақталады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Жаңа Конституция қабылдана ма? Тоқаевтың реформасы билік құрылымын түбегейлі өзгертпек

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Қазақстандағы конституциялық реформаның ауқымы жаңа Конституция қабылдаумен тең екенін мәлімдеді.

Оралдағы шұжық цехында 40 жастағы жұмысшыны станок қысып мерт қылды

Оралдағы кәсіпорындардың біріндегі шұжық цехында қайғылы оқиға болды. 40 жастағы жұмысшыны станок қысып, ол оқиға…

«Жәнібек үшін ешкім күреспейді»: Әлімханұлының допинг дауына қатысты ащы шындық айтылды

Белгілі сарапшы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдіріп, оның промоутерлер үшін «құнды актив» емес…