Елорда мектептерінің ас мәзіріне ұлттық тағам – бешбармақ қосылды, енді оқушылар оны аптасына бір рет жейтін болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, бұл жаңашылдық оқушылардың тамақтану рационын сапалы етуге бағытталған. Мектеп асханасында ет, балық, көкөніс пен жеміс-жидек үлесі де арттырылған.
Сонымен қатар ас мәзірінен фастфуд, шұжық өнімдері, консерванттар және құрамында қанты бар сусындар толығымен алынып тасталды.
Тамақтану сапасын мектеп әкімшілігі, қалалық білім басқармасы және арнайы құрылған ата-аналар комиссиясы бірлесіп қадағалайды.
Фото: Әлеуметтік желіден

