Ақтөбе облысында ВАЗ жеңіл көлігі мен DAF жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Байғанин ауданындағы Қарауылкелді ауылының маңында болған. Жеңіл көлік пен ауыр жүк көлігі бетпе-бет соқтығысқан.
Жол апатының салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Көлікте болған тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.
Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен («Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу») сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: Әлеуметтік желіден

