Ақтөбе облысында 23 жастағы мұғалім өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Марқұм Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округіндегі Еңбекші мектебінде тарих пәнінен сабақ берген. Оның бұл қадамға не себепті барғаны әзірге белгісіз.
Әріптестері жас маман туралы тек жақсы пікірде екенін айтады. Олардың сөзінше, мұғалім небәрі бірнеше күн бұрын ғана ашық сабақ өткізген.
Қазіргі уақытта Темір аудандық полиция бөлімі аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

