Categories Жайық news

Ақтөбеде хиджаб киген жасөспірімдер iPhone ұрлап, ломбардқа өткізіп отырған

Ақтөбедегі сауда үйлерінің бірінде қымбат смартфондарды ұрлап, ломбардқа өткізіп келген жасөспірім қыздар ұсталды. Олардың бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болған. Полицияның мәліметінше, 28 желтоқсан күні екі бойжеткен сауда үйіндегі бутиктің ашық тұрғанын пайдаланып, сөреден екі «iPhone» телефонын жымқырып кеткен.

Бұл әрекеттері оңай іске асқан соң, олар үш күннен кейін сол дүкенге қайта оралып, тағы бір «iPhone» ұялы телефонын ұрлаған.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеру арқылы күдіктілерді көп ұзамай анықтады. Олар 2006 және 2007 жылы туған қала тұрғындары болып шықты.

Тергеу барысында олар кінәсін толық мойындап, ұрланған телефондарды ломбардқа өткізіп, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Мұндай қылмыс үшін мүлкін тәркілеумен қатар, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…