Categories Жайық news

Ақтөбе тұрғындары белгісіз газ иісінен зардап шегіп жатыр: Мамандар себебін таба алмай дал

Ақтөбе тұрғындары бірнеше күннен бері қаланы жайлаған жағымсыз газ иісіне шағымданып жатыр. Мамандар оның нақты қайдан шығып жатқанын әзірге анықтай алмай отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Тұрғындардың айтуынша, өткір иіс тек көшеде ғана емес, пәтерлердің ішінде де сезіледі. Бұл жағдай бірнеше күннен бері қайталанып отыр.

Осыған орай «QazaqGaz Aimaq» компаниясының өкілдері мәлімдеме жасады. Олардың ақпараты бойынша, газ тарату желілерінде ешқандай апат немесе газдың ауаға таралуы тіркелмеген. Тұтынушыларға беріліп жатқан газдың сапасы да барлық талапқа сай екені айтылды.

Өз кезегінде облыстық экология департаментінің мамандары қаланың бірнеше нүктесінен атмосфералық ауаның сынамаларын алған. Зертханалық талдау нәтижесінде ауа құрамында зиянды заттардың мөлшері рұқсат етілген шектен аспағаны анықталды.

Қазіргі уақытта экологтар мен газ қызметінің мамандары бірлесіп, жағымсыз иістің көзін анықтау үшін тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Дауға қалған ӘМСҚ-да тағы да ауыс-түйіс: Қорға жаңа орынбасарлар келді

Даулы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында тағы да кадрлық өзгеріс. Қор төрағасына Бақытжан Абдуллаев пен Индира…

Дәрігер тағайындаған диета: Қытай ауруханалары үйге тамақ жеткізуді қолға алды

Қытайдың ірі ауруханалары денсаулығына мән беретін адамдар үшін арнайы тағам жеткізу қызметін іске қосты. Мәзірді…

Бір өңірде 16 млн, екіншісінде 1,6 млн теңге: Қазақстанның ең бай және ең кедей аймақтары анықталды

Қазақстанда өңірлер арасындағы экономикалық алшақтық 10 есеге жетті. Атырау облысы жан басына шаққандағы табыс бойынша…