АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс күшейген тұста Тегеран әлемдік экономиканың күретамыры саналатын Ормұз бұғазын жабуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Иранның ресми ұстанымы бойынша, егер АҚШ тарапынан кез келген әскери шабуыл жасалса, Ормұз бұғазы дереу жабылады. Бұл үшін Иранның әскери-теңіз күштері бұғазды миналауға толық дайындықта тұр.
Ормұз бұғазы – жай ғана географиялық нүкте емес, бұл – жаһандық сауданың ең маңызды дәліздерінің бірі. Оның жабылуы әлемдік экономиканы терең дағдарысқа ұшыратуы мүмкін.
Сарапшылардың дерегінше, әлемдік шикі мұнайдың 35%-ы, табиғи газдың 20%-ы дәл осы бұғаз арқылы тасымалданады. Бұдан бөлек, газ өнімдерінің 26%-ы, химиялық өнімдердің 15%-ы, тыңайтқыштардың 16%-ы, цементтің 8%-ы және азық-түліктің 14%-ы осы су жолына тәуелді.
Фото: Әлеуметтік желіден

