Categories Жайық news

АҚШ Иранға қатаң ескерту жасады: «Президент Трамппен ойын ойнамаңыздар»

Иранның рухани көшбасшысы Әли Хаменеи елдегі тәртіпсіздіктерге АҚШ-ты кінәласа, Вашингтон Тегеранға қатаң ескертумен жауап берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи соңғы наразылықтар кезінде АҚШ-тың негізгі мақсаты Иранды «жұтып қою» болғанын мәлімдеді. Ол АҚШ президенті Дональд Трампты осы оқиғаларға тікелей жауапты деп санайды.

«Біз президент Трампты құрбандар үшін, келтірілген шығын үшін және Иран халқына жапқан жаласы үшін қылмыскер деп есептейміз», — деді Хаменеи.

Бұл мәлімдемеге АҚШ Мемлекеттік департаменті X әлеуметтік желісіндегі парсы тіліндегі ресми парақшасы арқылы жауап қатты.

«Ислам Республикасының америкалық базаларға шабуыл жасауды жоспарлап жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Президент Трамп бірнеше рет атап өткендей, барлық нұсқалар қарастырылады. Егер Ислам Республикасы америкалық нысандарға шабуыл жасаса, ол өте қуатты күшпен бетпе-бет келеді. Біз мұны бұрын да айтқанбыз, тағы да қайталаймыз: президент Трамппен ойын ойнамаңыздар», — делінген хабарламада.

Ұқсас жазбалар

Дәрігерлер үйіне қайтарып жіберген: Талғарда 20 жастағы қыз жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Алматы облысы Талғар қаласында 20 жастағы бойжеткен ауруханаға қаралғаннан кейін бірнеше сағаттан соң көз жұмды.…

Алматыдағы түнгі клуб аспазы жұмыс орнында есірткі саудалаған

Алматыдағы танымал түнгі клубтардың бірінің аспазы жұмыс орнында есірткі саудасымен айналысқаны үшін ұсталды. Полиция тергеу…

Жекеменшік мектеп ашқысы келетіндер назарына: Үкімет ережені қатаңдатты

Қазақстанда жекеменшік мектептерді ашуға қойылатын талаптар күшейтілді. Енді лицензия тек орын тапшылығы бар аймақтарға ғана…