Қазақстанға ресми сапармен келген Сербия президенті Александр Вучичті президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Салтанатты рәсім барысында құрмет қарауылының рота командирі екі елдің президенттеріне рапорт берді. Осыдан кейін Қазақстан мен Сербияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Мемлекет басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырып, құрмет қарауылының салтанатты легінің алдынан өтті.
Рәсім аяқталған соң президенттер келіссөздер жүргізу үшін арнайы залға бет алды.
Фото: Әлеуметтік желіден

