Categories Жайық news

Ақордада кадрлық өзгеріс: Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Айбек Болатбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», – делінген ресми хабарламада.

Айбек Смадияров бұл қызметке келгенге дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі болған. Ол бұл лауазымда 2022 жылдан бері қызмет етіп келді.

Еске сала кетейік, бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы қызметін Берік Уәли атқарған еді. Ол жақында «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры болып тағайындалды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Сарапшы: Өзбекстан Қазақстанның бұрынғы жолын қайталап келеді

Сарапшы Айбар Олжайдың пікірінше, Өзбекстан өзін жаңа экономикалық модель ұсынушы ретінде көрсеткенімен, Қазақстанның жүріп өткен…

Қазақстанда пойыз билеттері 25% арзандады: қай бағыттарға жеңілдік бар?

"Жолаушылар тасымалы" компаниясы еліміздегі үш бағыт бойынша пойыз билеттеріне 25% қысқы жеңілдік жариялады. Акция аптаның…

Detailed view of a financial report with a focus on graphs and data analysis.

ҰЭМ Халықаралық валюта қорының есебімен келіспеді: «Бұл – трансформация»

Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасының «қызып бара жатқанын» ескертті. Ұлттық экономика министрлігі бұл пікірмен келіспейді.