Categories Жайық news

«Аман алып қала алмаған»: Ақтөбеге шұғыл қонған ұшақ ішінде 42 жастағы әйел көз жұмды

Өкінішке қарай жолаушыны аман алып қалу мүмкін болмады.

Фото: Ә.Молдағұлова халықаралық әуежайы

Сочи бағытында ұшқан Boeing-777 ұшағының жолаушысы әуеде өзін жайсыз сезініп, сол жерде көз жұмған. Оның 42 жастағы әйел екені белгілі болды.

Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы ресми парақша арқылы қаза болған жолаушының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

— Ұшақ жерге қонған кезде шұғыл әрекет ету қызметі мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Өкінішке қарай жолаушыны аман алып қалу мүмкін болмады. 1983 жылы туған жолаушы ұшақ Ақтөбе әуежайына қонбай тұрып көз жұмған. Ақтөбе халықаралық әуежайы жолаушының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Жердегі қызметпен байланысқа шығып, бірге жұмыс істеген әуе кемесінің экипажына алғысымызды айтамыз, — деп хабарлады Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы.

Ұқсас жазбалар

Менің Оралым

Батыс Қазақстанның жүрегінде орналасқан Орал қаласы – тарих пен заманауи өркениет тоғысқан ерекше мекен. Еуропа…

Оралдың жылу жүйесі жаңарды

Қаланың инфрақұрылымдық жүрегі – жылу жүйесі. Әкім Мұрат Байменовтың айтуынша, соңғы жылдары бұл салада ауқымды…

Оралда жаңа мектептер салынып, білім инфрақұрылымы жаңарып келеді

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов халық санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салудың маңыздылығын атап өтті.…