Categories Спорт

Алматыдағы тарихи ойын: «Қайрат» – «Реал Мадрид» 0:5 есебімен аяқталды

Алматыдағы Орталық стадионда өткен УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайрат» пен мадридтік «Реал Мадрид» арасындағы кездесу аяқталды.

Ойын басталар алдында-ақ Алматы әуежайына корольдік клубтың ұшағын жүздеген жанкүйер күтіп алып, ұлттық аспаптарда Чемпиондар лигасының гимнін орындап, ойыншыларға қошемет көрсетті.

Кездесу сағат 21:45-те басталды. 25-минутта Килиан Мбаппе пенальтиден есеп ашты – 0:1. Бірінші таймда «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза бірнеше қауіпті соққыны тойтарып, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды.

Екінші таймда Мбаппе тағы екі рет көзге түсіп, хет-трик авторы атанды – 0:3. 67-минутта «Қайрат» пайдасына белгіленген пенальти VAR арқылы жойылды. 72-минутта Камавинга төртінші голды соқты.

Ойынның соңғы минуттарында «Реал» бесінші голын енгізіп, қорытынды есепті – 0:5 етті.

Стадионда 30 мыңнан астам жанкүйер жиналып, «Қайратты» қолдап қана қоймай, әлемдік жұлдыздарды да көруге асықты. Әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер, фотолар мен видеолар кең таралды.

Осылайша, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы Алматы ойыны 0:5 есебімен «Реал Мадридтің» пайдасына аяқталды. Дегенмен, «Қайрат» ойыншылары тарихи қарсыласына қарсы бар күшін салып ойнады.

Ұқсас жазбалар

«Қайрат» – «Реал Мадрид»: Алматыдағы тарихи матчта Мбаппе хет-трик жасап, Камавинга төртінші голды соқты

Алматыдағы тарихи матчта Мбаппе хет-трик жасап, Камавинга төртінші голды соқты Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар…

«КЕРДЕРІ» КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ!

6 қыркүйек күні БҚО Дін істері басқармасының тапсырысы негізінде «Парасат» ҚБ ұйымдастыруымен «Жайық Арена» алаңында…

Қазақстандық дзюдошы кадеттер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Софияда (Болгария) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы алтын медалін жеңіп…